Home Жаңалықтар 6 АҚПАН — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ

6 АҚПАН — ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САЙЛАУ КҮНІ

Daismedia.kz

Шымкент қаласы Тұран ауданы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қалибеков Қанат Жұмағұлұлының ұйымдастыруымен арнайы бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, Дүниежүзілік сайлау күніне орай, Шымкент жол-көлік колледжінде саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдерімен кездесу өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі, азаматтардың құқықтары, Орталық сайлау комиссиясының даму стратегиясы мен жоспарлары туралы мәліметтер беріліп, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері жалпы сайлау жүйесі туралы заңнамасында болып жатқан өзгерістер туралы ақпараттандырылды. Қатысушылар пікірлерін білдіріп, мерекемен құттықтады.
Кездесу соңында, кәсіби мерекеге орай, Тұран ауданы аумағында орналасқан учаскелік сайлау комиссияларының бірқатар мүшелері біліктіліктері мен сайлау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қ.Құнанбаевтың «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

You may also like

Leave a Comment