Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ «ЕҢБЕК КУБОГЫ» СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогы» спартакиадасы басталды. Биылғы сайысқа Қазақстанның 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық студент қатысуда. «Түркістан арена» стадионында өткен спартакиаданың ашылу салтанатында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров құттықтау сөз сөйлеп, спортшылларға сәттілік тіледі.

– Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледж студенттері арасында ұйымдастырылған алғашқы «Еңбек кубогы» республикалық спартакиадасының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Республикалық спартакиаданың еліміздің қасиетті де тарихи мекені – Түркістан қаласында өткізіліп отырғаны зор маңызға ие. Бұл өңір – ел бірлігінің, өркениет пен мәдениеттің, жасампаздықтың жарқын үлгісі. Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау бағытында үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі екі есеге өседі. Бұл колледждердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, педагогтардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Бүгінгі «Еңбек кубогы» спартакиадасы сіздерге тек спорттық жігер мен рух беріп қана қоймай, еңбекке деген жаңа көзқарас қалыптастырады деп сенемін. Баршаңызға сәттілік, мықты денсаулық, биік белестер тілеймін! – деген Ғани Бейсембаев Еңбек кубогын Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровке табыстады.
⤵️Облыс әкімі Түркістан облысы ірі спорттық додаларды қабылдауға дайын екенін жеткізді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған орай, Түркістанда алғаш рет «Еңбек кубогы – 2025» республикалық спартакиадасы басталды. Түркістан облысы – дамушы аймақ! Облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласында жаңа жоспарларымыз бар. Қазіргі таңда 50 колледжде 45 мыңнан астам студент білім алуда. Биыл колледждерге 15 мыңнан астам грант бөлудеміз. Оқу бағдарламасын нарық талабына сай бейімдейміз. Аталған бағытта жаңадан 11 жұмысшы мамандығына лицензия алынады. Түркістан – тарихи орда! Ел Президенті бұл қалаға ерекше мәртебе беріп, дамуына тұрақты көңіл бөлуде. Қасиетті шаһарда республикалық спартакиаданың өтуі заңдылық. Себебі Түркістан – еңбек адамдарымен мақтанатын өңір. Облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» бойынша 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 60 пайызы жұмысшы мамандықтарға арналған. Аймақта жаңа зауыттар мен өндіріс орындары ашылуда. Жастарды шақырамыз. Құрметті жас спортшылар! Әділетті Қазақстанды адал адамдар құрады. «Еңбек кубогы» сайысы арқылы біз адал, отаншыл жастарды тәрбиелейміз. Жарыс нәтижесінде үздік студенттерге Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті білім грантын тағайындайды. Бірқатар жетекші кәсіпорындар спартиакиада жеңімпаздары үшін арнайы сертификаттар табыстап, жұмысқа қабылдайды. Бүгінгі жарыс жалынды жастарға жігер береді деп сенемін! – деді Нұралхан Көшеров.

Түркістан төріндегі спартакиаданың ашылу салтанаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, Әбу Насыр Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи ғұламалармен қатар Ыбырай Алтысарин, Қажымұқан Мұңайтпасұлы сынды тұлғалар енгізілген көрініс ұсынылды. Патриоттық әндер шырқалды.

Айта кетейік, спартакиада бағдарламасына баскетбол, шағын футбол, футзал, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол спорттары енгізілген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛА СПАРТАКИАДА «КУБОК ТРУДА» СРЕДИ СТУДЕНТОВ КОЛЛЕДЖЕЙ

В городе Туркестане стартовала спартакиада «Кубок труда» среди студентов организаций технического и профессионального, послесреднего образования. В этом году в конкурсе принимают участие около двух тысяч студентов из колледжей 20-ти регионов Казахстана. На открытии спартакиады на стадионе “Туркестан арена» с приветственным словом выступили министр просвещения РК Гани Бейсембаев и аким Туркестанской области Нуралхан Кушеров. Они пожелали спортсменам удачи.

— От всей души поздравляю с открытием первой республиканской спартакиады «Кубок труда», организованной среди студентов колледжей в рамках объявленного Главой государства Года рабочих профессий! Большое значение имеет то, что республиканская спартакиада проводится в священном и историческом месте нашей страны – городе Туркестане. Этот регион — яркий пример единства, цивилизации, культуры и созидания. В настоящее время ведется большая работа по трансформации системы технического и профессионального образования. С 1 сентября 2025 года объем подушевого финансирования увеличится вдвое. Это позволит улучшить материально-техническую базу колледжей, повысить квалификацию педагогов. Надеюсь, что сегодняшняя спартакиада не только подарит вам спортивную энергию, но и сформирует новое отношение к труду. Желаю всем удачи, крепкого здоровья и высоких побед! — сказал Гани Бейсембаев и вручил Кубок труда акиму Туркестанской области Нуралхану Кушерову.
Аким области отметил, что Туркестанская область готова принять крупные спортивные состязания.

— Глава государства Касым-Жомарт Кемелович объявил 2025 год Годом рабочих профессий. В связи с этим в Туркестане впервые стартовала республиканская спартакиада «Кубок труда-2025». Туркестанская область активно развивается. В регионе есть планы в области технического и профессионального образования. В 50 колледжах обучаются более 45 тысяч студентов. В этом году мы выделяем более 15 тысяч грантов колледжам. Адаптируем учебные программы в соответствии с требованиями рынка. Будут получены лицензии на 11 новых рабочих специальностей. Туркестан — историческое место! Президент страны придал городу особый статус и уделяет постоянное внимание его развитию. Проведение республиканской спартакиады в священном городе вполне закономерно. Потому что в Туркестане живут люди труда. В области в рамках региональной карты занятости будет создано более 130 тысяч новых рабочих мест. 60 процентов из них предназначены для рабочих профессий. В области открываются новые заводы и производственные мощности. Приглашаем молодежь к нам трудиться. Уважаемые спортсмены! Справедливый Казахстан создают честные люди. Благодаря «Кубку труда» мы воспитываем честную, патриотичную молодежь. По итогам соревнований лучшим студентам будвт присуждены образовательные гранты Международного казахско-турецкого университета имени Ходжи Ахмеда Ясави. Ряд ведущих предприятий вручат победителям специальные сертификаты и примут на работу. Я надеюсь, что спартакиада вдохновит молодежь! — сказал Нуралхан Кушеров.

Торжественная церемония открытия спартакиады в Туркестане была организована на высоком уровне и представлена театрализованными фигурами Абу Наср аль-Фараби, Ходжа Ахмет Ясави, Ибрая Алтысарина, Кажымукана Мунайтпасова. Прозвучали патриотические песни.

Отметим, в программу спартакиады включены баскетбол, мини-футбол, футзал, тогызкумалак, шахматы, настольный теннис и волейбол.
Пресс-служба акима Туркестанской области

You may also like

Leave a Comment