Home Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАН НЬЮ-ЙОРКТЕГІ БҰҰ ФОРУМЫНДА ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ҮШІНШІ ЕРІКТІ ҰЛТТЫҚ ШОЛУДЫ ҰСЫНАДЫ

ҚАЗАҚСТАН НЬЮ-ЙОРКТЕГІ БҰҰ ФОРУМЫНДА ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША ҮШІНШІ ЕРІКТІ ҰЛТТЫҚ ШОЛУДЫ ҰСЫНАДЫ

Daismedia.kz

2025 жылғы шілдеде Қазақстан 39 елдің қатарында БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде өтетін орнықты даму жөніндегі жоғары деңгейдегі Саяси форумда үшінші Ерікті ұлттық шолуды таныстырады. Форум — түрлі ел БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін іске асыру тәжірибесімен және жетістігімен бөлісетін басты халықаралық алаңның бірі.

Шолу жұмысын Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғаммен, бизнеспен және халықаралық әріптестермен бірлесіп жүргізуде. Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі процестің дайындық жоспарын бекітті.

Шолудың жобасы БҰҰДБ мен Экономикалық зерттеулер институтының қолдауымен өткізілген өңірлік семинарларда талқыланды. Диалогқа барлық негізгі топтар, соның ішінде жастар өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, елімізде Орнықты даму мақсаттарын мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграциялау жалғасуда. 2024 жылғы қазанда Ұлттық индикаторлардың жаңартылған тізбесі бекітіліп, 200 көрсеткіштің 69-ы басым бағыт ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда олардың 93%-ы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында ескеріліп, ал өңірлерде облыстардың даму жоспарына толықтай енгізілген.

Осылайша, Қазақстан тұрақты және инклюзивті өсуге қол жеткізуге, мемлекеттік басқару сапасын жақсартуға және халықаралық аренадағы өз ұстанымын нығайтуға дәйекті түрде көшуде.

Бұл Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынатын үшінші шолуы. Осындай есептер 2019 және 2022 жылдары сәтті таныстырылып, халықаралық әріптестер тарапынан жоғары бағаланған еді. 2025 жылғы форумға қатысу еліміздің жаһандық күн тәртібіне ниеттестігін айқындап, халықаралық қоғамдастықпен ынтымақтастығын күшейтеді.

Анықтама: Ерікті ұлттық шолу Күн тәртібі-2030 қабылданған сәттен бастап, еліміздің Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі ілгерілеуін көрсетеді. Бұл тәжірибе алмасуға, мемлекеттік институтты нығайтуға, жаһандық міндеттерді жүзеге асыруға әріптестерді кеңінен тартуға ықпал етеді.

———————————————————————

В июле 2025 года Казахстан в числе 39 стран представит третий Добровольный национальный обзор на Политическом форуме высокого уровня по устойчивому развитию, который пройдет в штаб-квартире ООН в Нью-Йорке. Форум является одной из главных международных площадок, где страны делятся опытом и прогрессом в реализации Повестки дня ООН до 2030 года.

Работа над обзором ведется Министерством национальной экономики совместно с государственными органами, гражданским обществом, бизнесом и международными партнерами. Процесс координируется Координационным советом по Целям устойчивого развития, утвердившим план подготовки.

Проект обзора уже обсужден на региональных семинарах, проведённых при поддержке ПРООН и Института экономических исследований. В диалоге участвовали представители всех ключевых групп, включая молодежь.

Параллельно в стране продолжается интеграция Целей устойчивого развития в систему государственного планирования. В октябре 2024 года утверждён обновлённый перечень национальных индикаторов: из 200 показателей 69 определены как приоритетные. На сегодня 93% из них уже учтены в документах системы госпланирования, а на региональном уровне полностью включены в планы развития областей.

Таким образом, Казахстан последовательно движется к достижению устойчивого и инклюзивного роста, улучшению качества государственного управления и укреплению своей позиции на международной арене.

Это третий обзор, который Казахстан представит в рамках ООН. Ранее подобные отчеты были успешно презентованы в 2019 и 2022 годах и получили высокую оценку со стороны международных партнёров. Участие в форуме 2025 года подтвердит приверженность страны глобальной повестке и усилит сотрудничество с международным сообществом.

Справка: Добровольный национальный обзор отражает прогресс страны в достижении Целей устойчивого развития с момента принятия Повестки-2030. Он способствует обмену опытом, укреплению государственных институтов и привлечению широкого круга партнёров к реализации глобальных задач.

You may also like

Leave a Comment