Home Жаңалықтар БОКСТАН WORLD BOXING ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

БОКСТАН WORLD BOXING ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН ӨТКЕН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Daismedia.kz

2025 жылғы 19–30 сәуір аралығында Иорданияның Амман қаласында WORLD BOXING ұйымының ұйымдастыруымен алғаш рет өткен Азия чемпионатына 18 елден 400-ге жуық спортшы қатысты. Құрлықтың ең талантты жас боксшылары бас қосқан байрақты бәсекеде Түркістан облыстық №2 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен екі спортшы бақ сынады. Нәтижесінде, Нұрмахан Жұмағали 46 келі салмақта чемпион атанса, Халимбет Қуаныш 40 келіде күміс жүлдеге ие болды.

Азия чемпионатында ел намысын абыроймен қорғаған жеңімпаз және жүлдегер спортшыларды Түркістан облыстық №2 ОРМБЖСМ директоры, бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жанысбаев Сейтжан Үшкемпірұлы арнайы қабылдап, спорттық киімдермен марапаттады.

Спортшыларымызды жоғары деңгейде жарысқа дайындаған білікті бапкер Нұрахов Талғат та арнайы спорттық жабдықтармен марапатқа ие болды.

Айта кетейік, Нұрмахан Жұмағали бокстан жасөспірімдер арасында екі дүркін Азия чемпионы атанып отыр.

You may also like

Leave a Comment