Home Жаңалықтар ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСТЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ

ОБЛЫС ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ӨСІМІНІҢ ЖОҒАРЫЛАУЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСТЫ РӨЛ АТҚАРАДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысында 2024 жылдың қорытындысында өңір экономикасының басты саласы ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 116,4 млрд. теңгені құрап, өсім 106,9% деңгейінде қалыптасты.
Бүгінде шикізаттық сектордан қайта өңдеу өндірісін дамытудың маңыздылығы басты назарға алынып, әртараптандыру жұмыстары жүргізілуде.

Осыған орай, ауыл шаруашылығында 3 кластерлік бағытты дамытуды қолға алынған. Атап айтар болсақ, мақта-тоқыма кластері аясында жалпы құны 197 млрд. теңгені құрайтын 5 жобаны іске асыру көзделуде. Нәтижесінде 7 мың жұмыс орны ашылады. Жоба шеңберінде мақта өңдеудің толық циклін қамтитын, құны 147 млрд. теңгені құрайтын 10 ірі зауыттың құрылысы басталды.

Биыл 3 зауыт және 2 тоқыма фабрикасы іске қосылмақ. Жобаларды толық іске асыру нәтижесінде суды 3-4 есе үнемдеп, мақта өнімділігін 2 есе арттыруға және дайын тоқыма өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, мақта нарығында мемлекеттік реттеуді қалыптастыру мақсатында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен биыл 3 мақта өңдеу зауытын салу жобасы қолға алынды.

Жүгері кластері бағытында Шардара ауданында крахмал-сірне зауытының құрылысы қарқынды жүргізілуде, қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде 550 жаңа жұмыс орны ашылып, жүгеріден 26 түрлі өнім шығарылатын болады.

Ет кластері бойынша жалпы 43 млрд.теңгеге 5 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінгі таңда 2 жоба іске қосылған. Жалпы көлемі 17,7 млрд.теңге инвестиция салынып, 70 жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл қосымша 2 жобаны іске қосу жоспарлануда. Нәтижесінде жобалар толық іске қосылғанда 2026 жылға жалпы өңірлік өнім 333,4 млрд. теңгеге ұлғаяды және 6% өсімге қол жеткізіледі деп күтілуде.

You may also like

Leave a Comment