Home Жаңалықтар ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ LIFE» САЙЫСЫ ӨТТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІНЕ ОРАЙ ТҮРКІСТАНДА «ОТБАСЫ LIFE» САЙЫСЫ ӨТТІ

Daismedia.kz

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жас отбасыларға арналған «Отбасы Life» мерекелік-танымдық сайысы өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – жас отбасыларды қолдау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді насихаттау, сондай-ақ татулық пен ұйымшылдықты, өзара сыйластықты нығайту болып табылады.

Сайыстың ашылу салтанатына Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев қатысып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Ашылу салтанатында көрермендер назарына ұлттық нақыштағы өнер бағдарламасы ұсынылды. «Айдай» би ансамблінің би қойылымы мен жас әнші Данагүл Ынтықбайдың «Әкем, анам» әні көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сайыстың үйлесімді өтуіне нұсқаушы ретінде Бекқасым Диас пен Майлыбаев Асылбек өз үлестерін қосты.

Облыстың әр түкпірінен келген 14 жас отбасы 4 кезең бойынша сайысқа түсті. Атап айтқанда, эстафеталық жарыс, зияткерлік сайыс, спорттық кезең, шығармашылық өнер байқауы бойынша өзара бақ сынасты.

Сайыс нәтижесіне сәйкес Төлеби ауданынан келген Абетаевтар отбасы 1 орынды жеңіп алды. Жүлделі 2 орынды кентаулық Набиевтар және түркістандық Аитметовтар отбасы иеленсе, Сауран ауданынан келген Тойбековтар отбасы және Шардара ауданынан келген Истургановтар отбасы 3 орынды місе тұтты.

Жеңімпаздар мен қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, 15 мамыр – 1993 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясының шешіммен Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Алғаш рет 1994 жылы аталып өте бастады.

Аталмыш датаны отбасы күні ретінде белгілеудің астарында әлем бойынша отбасы құндылықтарына назар аудару болды. Бұл күн отбасы мүшелеріне құрмет көрсетіп, жақын адамарды қадірлеуге баулыйды.

Бір қызығы, Қазақстанда отбасы күні екі рет аталып өтеді. 15 мамыр халықаралық деңгейде аталып өтсе, Қазақстанда қыркүйек айының екінші жексенбісі отбасы күні ретінде бекітілген. Бұл күннің Қазақстанда аталып өте бастағанына да 10 жылдан асқан. Аталмыш күн елде 2013 жылдан бері аталып өтеді.

Екі күн де бір шаңырақ астындағы отбасы мүшелерінің бірлік пен ынтымақтастық күні ретінде аталып өтед

Отбасы күнін тойлаудың маңызы:

1. Отбасының қоғамдағы маңыздылығын атап өту;
2. Барлық отбасылар бірегей екенін еске түсіру;
3. Біздің заманымызға өзекті болып табылатын отбасылық мәселелер туралы байыпты әңгіме бастау.

Отбасы — бұл махаббат, құрмет және ынтымақтастық орталығы, яғни кез келген зияткерлік қоғамның негізі.

Отбасының басты қызметі — балаларға өмір сыйлау, оларға бақытты балалық шақ, лайықты білім беру және одан әрі тәуелсіз өмір сүру үшін берік негіз құру, сондай-ақ адамдар арасындағы қарым-қатынастың күрделі әлемінде өмір сүруге көмектесу. Сондықтан отбасының берік және тату болуы өте маңызды. Ол бала тәрбиесіне ерекше назар аударды. Әрбір қазақстандық отбасының басты функцияларының бірі жас ұрпақты тәрбиелеу болып табылады. «Отан — қуат, отбасы – жылу» екенін білетін халқымыз бейбітшілік пен отбасылық құндылықтарды бірінші орынға қояды.

«Отан отбасынан басталады» деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі – әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелері жерде қалдырмайды. Әрбір ересек адам өзі бақытты болуы үшін, ең бастысы, өзгелерді, оның ішінде бірінші болып балаларды бақытты ету керек екендіктерін білулері қажет. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержететінін білеміз.

Отбасының жемісі — тәрбиелі ұл — қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!Ұрпағына мақтаныш болар қазыналы қарттарымыз көп болғай. Қазақтын әр от- басының керегесі кең,шаңырағы берік,еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

You may also like

Leave a Comment