Home Тарихи мұра КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ — ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЖҰРТ

КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫ — ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЖҰРТ

Daismedia.kz

Түркістан жерлері әлі күнге дейін көптеген сырлар мен құпияларға толы. 2000 жылдан астам уақыт бұрын аңызға айналған Түркістанның тарихы басталған, әлемге әйгілі Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен 350 метр қашықтықта ораналасқан — Күлтөбе қалажұртының тарихи нысандарын қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда.

Күлтөбе қалажұрты туралы алғашқы жазбаша ақпарат IX- X ғасырлардағы араб-парсы деректерінде кездеседі. Араб саяхатшысы аль-Истархи оны «Шавғар» қонысы ретінде атап өтеді. XII ғасырда Шавғар құлдырап, Ясы аймақтың орталығына айналды. Ясы туралы алғаш рет XIII ғасырдың ортасында Моңғолия хандары Бату мен Мөңкенің ордаларына барған армян патшасы Гетумның күнделігінде айтылды.

Күлтөбе — Қазақстандағы ежелгі қалажұрттың бірі болған. Оның жасын осы жерден табылған заттар дәлелдейді. Күлтөбе қалажұртының алғашқы археологиялық дәлелдерін 1973 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих және археология институтының Т.Н. Сенигова басқарған Түркістан археологиялық отряды тапты.

Күлтөбе қалажұртын барлау 1980 — 1982 жылдары, содан кейін 2010 — 2012 жылдары Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Е.А. Смағұлов басқарған Түркістан археологиялық тобы жалғастырды.

Ал, 2019 жылы мұнда ашық аспан астында археологиялық саябақ құру бойынша ауқымды жоба басталды. Жұмыстардың ішіне — археологиялық қазбалар, консервациялау және ғылыми қалпына келтіру кіреді. Қазба жұмыстарды PhD докторы А.Р. Хазбулатов жетекшілігімен Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институты жүргізеді.

27 гектар жерде археологиялық, консервациялық және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалажұрттың барлық аумағы әрқайсысы 9 гектардан 3 бөлікке бөлінген. Жұмысты 2021 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ғалымдар қазірдің өзінде туристерді қызықтыратын бірнеше басты нысандарды анықтады. Олардың арасында ежелгі қасиетті орын, типтік жер иесінің үйі, XII ғасырдағы сопылар үйі, қолөнершілер үйі және т.б. бар.

Күлтөбе – елiмiздегi көне қала­лардың бiрi. Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесiнен 350 метр қа­шықтықта орналасқан.

Яссы қалашығының іргесі (Түркістан, Күлтөбе) – V-VI ғасырларда қаланған, Қазақстанның көне қалаларының бірі. Түркістанның ежелгі аты – Яссы. Қалашық Түркістан қаласының аумағында орналасқан. Археологтар ертедегі Яссаның орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. Күлтөбе – еліміздегі көне қалалардың бірі. Күлтөбе сопақша келген, биіктігі 9 м, аумағы 150х120 м ауқымды төбешік болып келеді. Түркістан қаласының бертінгі ортағасырлық тарихының соңғы кезеңінде, бәлкім, ХІХ ғасырда Күлтөбе қыраты, бүкіл Оңтүстік рабат сияқты, бекініс қабырғаларымен қоршалғандықтан, Күлтөбе ортағасырлық Түркістанның әскери құрылыс жүйесіне жатады. Түркістан тарихы тап осы жерден басталады. Есім ханнан бастау алып, XIV-XVIII ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдықтың бас кезінде қаланған.

Бүгінде қаланың тарихы орталығының аумағы 88,7 га құрайды. Археологиялық зерттеулердің нәтижесінде кесене ғимаратына солтүстік-шығыстан жалғасқан және қамал қабырғаларымен шектелген қалашықтың бөлігі оның орталығы – қамалы болғаны анықталды.

Ол жерге алғаш рет 1972 жы­лы археологиялық қазба жұ­мыстары жүргiзiлдi. Күл­­төбеден VII-VIII ға­сыр­­­ларда пайдаланылған Оты­­рар зергерлерiнiң тең­ге­­лерi мен қыш ыдыстары та­­былып, сол жәдiгерлер ту­­ралы ғана ақпарат бе­рiл­дi.

Археолог М.Массон осыны негiзге ала отырып, Қожа Ах­мет Ясауи кесенесiнiң оңтүс­тiк бө­лiгiне зерттеу жүргiзу ке­рек­тi­гiн айтты. Сөйтiп, 1981-1984 жыл­дары Түркiстан ар­хе­оло­гия­лық от­ряды қазба жұмыс­та­рын қол­ға алды.

Соның нәтижесiнде Күлтөбе қалашығының IV-V ғасырларда қа­лыптасып, XIV ғасырға дейiн өмiр сүргенi анықталды. Бел­гi­лен­ген аймақтар алты метрге дейiн қазылып, одан сайын те­рең­дей түстi. 23 қыш ыдыстың сы­ны­ғы табылды. Бiрақ, олар толық зерт­телген жоқ. Археологтардың бол­жауынша, бұл ыдыстар IV-V ға­сырларда кеңiнен қолданылған.

Қазбаның ортасынан үлкен шар тәрiздi мекенжай табылды. Оның оңтүстiк бөлiгiнiң еде­нiнде балқыма дақ бар екен. Бал­қыманың астынан қабiр аршылды. Одан аяқтарын бауырына басып жатқан басы жоқ жылқының қаңқасы тазартылып алынды. Алдыңғы аяғының жанынан сопақша келген темiр үзең­гi, төменгi жағынан төрт қыр­лы сырғалығы бар белдiк, бел­дiктiң күмiс қапсырмасы жә­не жал­ғыз шығыршықты темiр ау­ыз­­дық шықты. Мұндай заттар­ды Орталық Азия мен Қазақстан ай­мағындағы жылқы көмiлген қа­бiрлерден де кездестiруге болады. Сондықтан, тарихшылар оны VI-VII ғасырлардың аяғына жат­қызды.

Қазба жұмыстары жүргiзiлген 6 құрылыс белдеуiнен XIII ға­сыр­­­дың аяғы мен XIV ға­сыр­­дың бiрiншi жартысында қолда­ныл­ған шағатайлық тең­­гелердiң қой­масын да кез­дес­тiруге болады. Олар әше­кей бұй­ымдар салын­ған ыдыс сы­ны­ғы­нан алын­ды. Тарихшылар осы XIV ғасыр­­да Күлтөбедегi бекiнiс қи­раты­лып-жойылғанын, оның бү­кiл аумағы зиратқа айнал­ғанын айтады.

Қазіргі таңда Түркістанда «Күлтөбе қалашығы» ашық аспан астындағы заманауи археологиялық паркін құру жұмыстары жалғасуда. Бұған дейін жобаның алғашқы кезеңі аяқталған болатын. Рухани-мәдени астанадағы «Күлтөбе қалашығы» қалашығы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайына тиесілі. Бүгінде, мұндағы барлық жұмыс ЮНЕСКО талаптарына сай жүргізіліп жатыр.

Қазақ халқы бүгінгі күнге дейін «Күлтөбенің басында күнде жиын» деген сөз тіркесін қолданып келеді. Тарихшылар мен ғалымдар бұл сөз сонау «Ақтабан шұбырынды» заманында шыққан деген мәліметтерді айтады. Сол кезеңдерде қазақ хандары мен сұлтандары, билері мен батырлары Мәртөбе мен Күлтөбенің басына жиналып, ел үшін өте маңызды болған мәселелерді талқылап, кеңес құрған екен. Тарихи деректерге сүйенсек, бұл кезең 1684 жыл мен 1723 жылдың арасына сәйкес келеді деген ақпараттар да бар.

Күлтөбе – елiмiздегi ең көне қала­лардың бiрi болып есептеледі. Еліміздің рухани астанасы, Түркiстан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесiнен 350 метр қа­шықтықта орналасқан қалашыққа алғаш рет 1972 жы­лы археологиялық қазба жұ­мыстары жүргiзiлген екен. Күл­­төбеден VII-VIII ға­сыр­­­ларда пайдаланылған Оты­­рар зергерлерiнiң тең­ге­­лерi мен қыш ыдыстары та­­былып және көне жәдiгерлер табылып, сол кезеңдегі халықтың әдеп-ғұрпы мен мәдениетін айшықтап берген.

Ою-өрнек пен зер салуға арналған нақыштаушы құралдар. Оның бірі темірден жасалған, айтарлықтай нығыз, ұзындығы – 12 см, түбі үшкірленген. Екіншісі – мыстан жасалған, іші қуыс. Құралдардың беткі тұсы пайдаға жарап болғанын көрсетеді. Бұл құралды түркістандық зергердің ұзақ уақыт бойы қолданғаны байқалады. Археологтардың болжауынша, құйма әйелдердің сырғасын құюға қолданылған. Яғни мұндай ақпараттар, Күлтөбе қалашығында түрлі-түсті металлургияда қолданылатын айрықша құрал болғандығын және сол кезеңдердің өзінде-ақ қолөнердің осы түрі болғанын растайды.

Зерттеушілердің айтуынша, Күлтөбеде XIII-XIV ғасырларға тән керамикалық шеберханалардың орны бар. Себебі, бұл ол жерден табылған археологиялық қазба байлықтардың арасындағы ерекше назар аудартатын дүние. Мамандар екі қатарға орналасқан алты пеш кәдімгі керамикалық цехтың қызметін атқарып, онда ас ішуге арналған ыдыстар шығарылғанын дәлелдепті. Ал, тарихи деректерге сүйенсек, түркі дәуірінде керамика өнері, әсіресе, Қазақстанның оңтүстік-шығыс өңірлерінде кеңінен тараған. Онда су жүйелеріне арналған керамикалық бұйымдар дайындаудың орталық-азиялық дәстүрі көбірек әсер еткені байқалады. Мүндай өркендеген қалалардың тұтастай орамдарында қыш құмырашылар, темір ұсталары мен зергерлері бар қолөнер шеберлері жұмыс істеген. Олардың жасаған дүниелері Ұлы даланың аумағынан тысқары жерлерге де әйгілі болған екен.

Кейбір мәліметтерге сенсек, 1982 жылы Яссы-Күлтөбе қалашығында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде құмыра ішінен XIII ғасырдың соңғы ширегі мен XIV ғасырдың басында Шағатай мемлекетінің ақша сарайларында соғылған 202 дана күміс дирхем мен фельстерден тұратын көмбе табылған екен. Көмбе құрамында Алмалық, Әндіжан, Бұхара, Қашғар, Кенджде, Маргинан, Отырар, Самарқан, Тараз, Ходженд, Шаш және Янги ақша сарайларының өнімдері болған. Бұл жағдай сол кезеңде Шағатай ұлысына қарасты Түркістан қаласының айтарлықтай маңызға ие сауда орталықтарының бірі болғандығын аңғартып отыр. Бұл – өңірде сармат мәдениетінің тараған кезі. Сармат заманына тиесілі дүниелер өте көп. Күлтөбеде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде де , сармат тайпалары заманында қолданылған заттар мен белгілер көптеп табылыпты.

Зерттеуші Едiлбай Көшербайдың мәліметінше, қазбаның ортасынан үлкен шар тәрiздi мекенжай табылды. Оның оңтүстiк бөлiгiнiң еденiнде балқыма дағы бар екен. Балқыманың астынан қабiр аршылды. Одан аяқтарын бауырына басып жатқан басы жоқ жылқының қаңқасы тазартылып алынды. Алдыңғы аяғының жанынан сопақша келген темiр үзеңгi, төменгi жағынан төрт қырлы сырғалығы бар белдiк, белдiктiң күмiс қапсырмасы және жалғыз шығыршықты темiр ауыздық шықты. Мұндай заттарды Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы жылқы көмiлген қабiрлерден де кездестiруге болады. Сондықтан, тарихшылар оны 6-7 ғасырлардың аяғына жатқызды. Сондай-ақ, тарихшылар 14-ғасырда Күлтөбедегi бекiнiс қиратылып жойылғанын, оның бүкiл аумағы зиратқа айналғанын айтады.

Ұлт тарихының жаңа парағына жол ашатын Күлтөбеде археологиялық зерттеу жұмыстары өткен кезеңнен кейін де тоқтаған жоқ. Белгілі қазақстандық ғалым Ерболат Смағұловтың бастамасымен Күлтөбе қалашығына 2010 жылы археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізіле бастады. Кейін археологтар Күлтөбе Түркістан қаласының ең ежелгі бөлігі екенін анықтады. Біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасырға жататын ғибадатхана мен бірқатар архитектуралық құрылымдардың табылуы Ясы қаласының тарихын тағы мың жарым ғасырға ұзартып, Ұлы даланың тарихы мен мәдениетін қалыптастыратын аспектілерді қайта қарауға алып келді.

Күлтөбе қалашығы 1-ші және 4-ші ғасырлар аралығында, яңни ерте кезеңде Сармат-Каңғы дәуіріндегі діни және рухани орталық болған болса, екінші кезең түркі дәуіріндегі кішігірім қоныс деп айтуға болады. Ол уақытты ғалымдар VII – IX ғасырларға жатқызады. Сондай-ақ үшінші кезең қалалық мәдениеттің дамуы және Қожа Ахмет Ясауидің дәуірі. Яғни бұл 10-шы және 13-ші ғасырлар аралығы болып саналады. Ал, төртіншісі Қазақ хандығының кезеңі. Бұл 16-шы және 19-шы ғасырларды қамтиды. Тарихи деректерде, Күлтөбе ол заманда маңызды саяси және экономикалық орталық болып, мәдениеттердің тоғысуы мен түрлі сауда – саттықтың мекеніне айналған. Түркістан – Қазақ хандығының астанасы болса, Күлтөбенің де маңызды қалашықтардың бірі болғанын аңғару қиын емес. Бүгінде Күлтөбе Түркістан өнерінің маңызды архитектуралық үлгілері болып саналатын, ерекше қорғалатын нысандар қатарында десек болады. Ежелгі мекеннен III-IV ғасырлардағы алтыннан жасалған әйелдердің зергерлік бұйымдары, ертедегі және орта ғасырдағы кремиканың түр-түрі, діни мазмұндағы ежелгі кітаптар да табылды.

Түркістанның тарихи-мәдени орталығын қайта жаңғыртуға байланысты “Әзірет Сұлтан” қорық-музейінің де даму жоспарлары бар. Жоспарға сәйкес, өзінің ерекше тарихы бар, көне, ежелгі қоныстардың бірі – Күлтөбе қаласы қайта жаңғыртылып жатыр. Ортағасырлық мешіті бар Әбілмәмбет хан мен Тәуке ханның ордалары және басқа да бірқатар нысандар толықтай қайта қалпына келтірілуде. Жалпы, Түркістан шаһары облыс орталығы болғалы бері, ауқымды жобалар жүзеге асырылып, түрленіп келе жатыр. Салт-дәстүр мен мәдениетті қайта түлету, қазақтың тарихын ұрпаққа дәріптеу мақсатында да түрлі шаралар, игі істер де жасалып жатыр. Тарихы сонау тереңде жатқан Түркістанның бірқатар көшеріне бүгінде Күлтегін, Қазтуған жырау, Ханқорған, Алты Алаш, Мәңгілік Ел, Елім-ай, Болат хан, Есім хан, Тәуке хан және басқа да батыр бабаларымыздың есімдері берілген. Одан бөлек саябақтар мен демалыс орындары да қазақилықтың үлгісін насихаттап тұрады.

You may also like

Leave a Comment