Home Жаңалықтар ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Daismedia.kz

“100” дойбыдан Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлделі оралды. 01–06 мамыр аралығында Өзбекстанның Ташкент қаласында “100” дойбыдан ересектер (ерлер мен әйелдер) және 27 жасқа дейінгі жастар арасында командалық және жекелей Әлем чемпионаты өтті.

Бұл додада Қазақстан құрамасы айрықша нәтижелерге қол жеткізіп, ел абыройын асқақтатты. Әсіресе Түркістан облысының спортшылары командалық және жекелей сында зор жетістікке жетті.

27 жасқа дейінгі жастар арасындағы командалық Әлем чемпионаты

Блиц бағдарламасы бойынша:

Алтын жүлде – Қазақстан жастар құрамасы
Команда толық құрамда Түркістан облысының спортшыларынан жасақталған:

Есбол Еренғайып
Наралиев Айбек
Айтмұхамбетов Асылхан

27 жасқа дейінгі жастар арасындағы жекелей Әлем чемпионаты

Блиц:
Күміс жүлде – Есбол Еренғайып (Түркістан обл.)

Рапид:
Қола жүлде – Есбол Еренғайып (Түркістан обл.)

Ерлер арасындағы командалық Әлем чемпионаты

Қазақстан ерлер құрамасы толығымен Түркістан облысының спортшыларынан құралған.

Классика:
Қола жүлде – Қазақстан құрамасы

Блиц:
Қола жүлде – Қазақстан құрамасы

Құрама мүшелері:
Есбол Еренғайып
Наралиев Айбек
Айтмұхамбетов Асылхан
Бердибаев Бауыржан

Әйелдер арасындағы командалық Әлем чемпионаты

Қазақстан әйелдер құрамасы барлық бағдарламада жүлделі орыннан көрінді:

Классика – Қола жүлде
Рапид – Қола жүлде
Блиц – Қола жүлде

Құрама мүшелері:
Костицына Мария (Қарағанды обл.)
Тен Вероника (Түркістан обл.)

Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы – Бердибаев Бауыржан.

Бұл чемпионатта Түркістан облысының спортшылары ерекше көзге түсіп, Қазақстан дойбы спортының жоғары деңгейде дамып келе жатқанын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Спортшылармыз жеңіс тұғырынан көріне берсін!

You may also like

Leave a Comment