Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА 17 ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА 17 ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІН ҚАМТИТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XIII ЖАЗҒЫ УНИВЕРСИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан қаласындағы «Түркістан Арена» орталық стадионында ҚР-ның XIII Жазғы универсиадасының ашылу салтанаты өтті.

Универсиаданың ресми ашылу салтанатына ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Аманбай Нұрмұханбетов, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, дүбірлі доданың ашылу салтанатымен құттықтады. Жігерлі жастарға сенім артатындығын жеткізіп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, шараға Олимпиада және әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысты. Шараны танымал жүргізушілер – Асылхан Төлепов пен Айдай Исаева жүргізді.

Универсиаданың негізгі мақсаты — ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың достығы мен ынтымақтастығын нығайту.

Іс-шара аясында Универсиада қатысушы 76 команда шеруі ұйымдастырылды. Республикалық додада 17 спорт түрі бойынша 800-ден астам медаль мен 104 кубок сарапқа салынады.

Ресми іс-шара елімізге танымал әншілердің концерттік бағдарламасына ұласты. De La Cur, Raim ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Айта кетейік, XIII Жазғы универсиадасы Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында 8 мамыр мен 14 маусым аралығында өтеді. Универсиада бағдарламасы 17 олимпиадалық және ұлттық спорт түрлерін қамтиды. Жарысқа еліміздің барлық өңірлерінен 73 жоғары оқу орны қатысады.

You may also like

Leave a Comment