Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Daismedia.kz

Төлеби ауданы Бірінші Мамыр ауылдық округі Алғабас елді мекенінде “Шымкентцемент” ЖШС-і бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында спорт кешенінің құрылысын аяқтап, ел игілігіне пайдалануға ұсынды. Құрылысы 2023 жылдың қазан айында басталған спорт кешеніне 88 млн теңге инвестиция тартылған.

Мерекелік жиынға арнайы қатысқан ҚР Парламенті мәжілісінің төртінші шақырылымдағы депутаты Сәуірбай Есжанов, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, “Шымкентцемент” ЖШС директоры Иван Пак қатысып, округ халқының қуанышына ортақтасты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт, сондай-ақ артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң мемлекеттің дене шынықтыру және спорт саласын дамыту саясатын жетілдіруге бағытталған.

Сондай-ақ Президент өз сөзінде «Қазір саламатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту айрықша маңызды. Әсіресе, балалардың спортпен айналысуына жағдай жасау қажет. Мұның бәрі халықтың денсаулығын жақсартуға мүмкіндік береді. Мемлекет спорт инфрақұрылымын жетілдіруге көп көңіл бөледі», деді.

Спорт саласын өркендетуге мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тәсілін кеңінен қолдану бағытында жұмыстар атқарылуда. Кәсіпкерлеріміз де бұндай бастамаларды бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі шеңберінде табысты жүзеге асырып, жер-жерлерде жаңа спорт кешендерін салуда, спорттық ұйымдардың инфрақұрылымын дамытуда.

You may also like

Leave a Comment