Home Жаңалықтар ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕКШІЛЕРДІҢ РЕКОРДТЫҚ ЖЕТІСТІГІ – 29 МЕДАЛЬ!

ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕСКЕКШІЛЕРДІҢ РЕКОРДТЫҚ ЖЕТІСТІГІ – 29 МЕДАЛЬ!

Daismedia.kz

Шымкент қаласында байдарка және каноэ есуден 2009–2010 жылы туған спортшылар арасында Қазақстан жасөспірімдер чемпионаты өз мәресіне жетті. 12–17 мамыр аралығында Бадам су қоймасында елдің 11 өңірінен келген 150-ден астам спортшы бақ сынады.

Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері 19 алтын, 4 күміс, 6 қола медаль жеңіп алып, бейресми командалық есепте 1-орынға ие болды.

Каноэ жарысында төрт алтын медаль еншілеген Даулет пен Бекзат Шалдар ағайындылар ел чемпиондары атанды.

Байдаркада Зоя мен Злата Прядка есімді әпкелі-сіңлілер қарсылас шақ келтірмей, бағдарламаның әртүрлі түрлерінде 13 алтын медаль жеңіп алды. 500 метр қашықтықтағы байдарка-төрттікте Құтан Қарақат пен Ева Воробьева облыс қоржынын тағы екі алтынмен толықтырды.

Жеңімпаз жерлестерімізді құттықтаймыз!

You may also like

Leave a Comment