2025 жылғы 17 мамыр — Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров Шардара ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аймақтағы спорт нысандарының жай-күйі мен олардың жұмыс барысы тексерілді.
Басқарма басшысы бірқатар спорт кешендерін аралап, спортшылармен және жаттықтырушылармен кездесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, өңірдегі бұқаралық спортты дамыту, спорт инфрақұрылымын жаңғырту және балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің жағдайы басты назарға алынды.
Жұмыс сапары аясында басқарма өкілі жергілікті билік өкілдерімен бірлесіп, аудандық спорт саласын дамытуға бағытталған жаңа жобаларды талқылады.
Айта кетейік, Түркістан облысында бұқаралық спортқа деген қызығушылық жылдан-жылға артып келеді. Осыған байланысты өңірде жаңа спорт алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.