Home Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЗУ ШЕБЕРЛЕРІ 12 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖҮЗУ ШЕБЕРЛЕРІ 12 МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Daismedia.kz

Талдықорған қаласының орталық бассейнінде жүзуден Қазақстанның жазғы чемпионаты өтті. Төрт күнге созылған жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 300-ден астам спортш халықаралық жарыстарға жолдама үшін таласты. Түркістан облысынығ спортшылары 12 медаль жеңіп алды.

Аделаида Пчелинцева, София Сподаренко, Анастасия Ермакова, Глеб Басов, Дарья Токтобаева, Диана Тасжанова бағдарламаның әр түрінен 7 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль еншіледі. Бұл нәтиже Түркістан командасына медальдық есепте екінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

Қазіргі нәтижелер көңіл қуантарлық. Спортшылар жеңіске деген жігері арқылы сәтті өнер көрсетті. Ендігі меже – халықаралық жарыстарда өз мүмкіндігін жіберіп алмау», дейді облыстың аға жаттықтырушысы Нұртілек Убайдулаев.

You may also like

Leave a Comment