38
Анталияда өткен кикбоксингтен Әлем кубогінде отандастарымыз жүлдегер атанды. Түркияның Анталия қаласында 14–18 мамыр аралығында кикбоксингтен ересектер және жастар арасында Әлем кубогі өтті. Аталған халықаралық турнирге түрлі елдерден келген үздік спортшылар қатысып, бақ сынады.
Байрақты бәсекеде еліміздің намысын қорғаған облыс спортшылары да сәтті өнер көрсетті. Атап айтқанда, 54 келі салмақта лоу-кик бағдарламасы бойынша Сарибар Сулайманов қола жүлдеге ие болды. Ал 71 келі салмақта К-1 бағдарламасында сынға түскен Акбар Акрамов та үшінші орыннан көрінді.
Жүлделі орыннан көрінген жерлестерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Олар ел абыройын асқақтатып, қазақ спортының дамуына өз үлестерін қосты.