Home Жаңалықтар ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҮЗДІК ЖАНҰЯЛЫҚ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫН МАРАПАТТАДЫ

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ҮЗДІК ЖАНҰЯЛЫҚ ФУТБОЛ КОМАНДАСЫН МАРАПАТТАДЫ

Daismedia.kz

ҚР «Ауыл спорты қоғамы» ҚБ төрағасы, Жанұялық футбол клубы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Тараз қаласының “Жастар” стадионында, еліміздің барлық аумақтарынан жанұялық командалар қатысқан кіші футболдан республикалық турнир өткен болатын.

Аталған дүбірлі додада ауданымыздың Бадам елді мекенінен Базарбаевтар әулеті, Түркістан облысының намысын қорғап жүлделі 1-орынды иеленді.

Аудан әкімі Азат Оралбаев аталған Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты республикалық турнирдің жеңімпаздары Базарбаевтар әулетін марапаттап, үздіктерге құрмет көрсетіп, сый-сияпат тапсырды.

Аудан басшысы Республикалық жарыста жалғыз бір әулеттің емес, Түркістан өңірінің де абыройын көтерген жеңімпаздарға алғысын білдіріп, салауатты өмір салтын ұстанған жанұяның жетістігі барлық отбасыларға өнеге, үлгі екенін атап өтті .

Айта кетейік, сонымен қатар жеңімпаз жанұядан Нұртілеу Базарбаев республикалық турнирде қарсылас командалардың қақпасына 12 гол соғып, «Үздік шабуылшы» атанды.
Сондай-ақ, жоғарғы дәрежеде ойын өрнегін көрсеткен жас талант иесі финалдық ойында жалғыз жеңіс голын салған.

You may also like

Leave a Comment