Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІНЕ СПОРТТЫҚ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ЕРКІН КҮРЕС ШЕБЕРЛЕРІНЕ СПОРТТЫҚ КИІМДЕР ТАБЫСТАЛДЫ

Daismedia.kz

23–31 мамыр аралығында Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының Кубогі өтеді. Ауқымды додада елдің әр өңірінен келген таңдаулы балуандар бақ сынайды. Бұл жарысқа Түркістан облысының спортшылары да тыңғылықты дайындықпен аттанғалы отыр.

Облыстың еркін күрес құрамасының аға жаттықтырушысы Қанат Тұрғараев пен тәжірибелі маман Қанат Ниязбеков бастап, шәкірттерін жоғары деңгейде жарысқа әзірледі. Спортшыларды жігерлендіріп, рухын көтеру мақсатында белгілі бапкер Бақытжан Бердиевтің бастамасымен демеушілердің қолдауымен балуандарға арнайы спорттық киімдер табысталды.

Ел кубогінде Түркістан облысының намысын қорғайтын спортшылар:

57 келі салмақта – Асылжан Есенгелді мен Нұрасыл Алибаев
61 келіде – Ахметжан Анарбаев
65 келіде – Нұрболат Абдуалие
70 келіде – Еркебұлан Шынықұл
74 келіде – Қуандық Шалдар
92 келіде – Елнар Шілдебай
97 келіде – Иманғали Қалдыбек

Жарыс қарсаңында жоғары моральдық күйде тұрған Түркістан облысының балуандары ел намысын лайықты деңгейде қорғауға дайын.

Жерлестерімізге сәттілік тілейміз!

You may also like

Leave a Comment