81
17–19 мамыр күндері Ақтөбе қаласында таеквондодан (WT) ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогы жарысының бірінші кезеңі өтті.
Аталған сайыста Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетіп, өңір намысын абыроймен қорғады. Атап айтқанда, 63 келі салмақ дәрежесінде Асқар Өтеген алтын медаль жеңіп алса, +73 келіде Назым Махмутова күміс жүлдеге ие болды. Ал 58 келі салмақта өнер көрсеткен екі бірдей түркістандық таеквондошы — Әзірет Дүйсенбек пен Нұрғиса Құрмәнәлі қола жүлдені еншіледі.
Жалпы төрт жүлде жеңіп алған Түркістан облысының құрамасы командалық есепте үшінші орынды иеленді.
Жерлестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!