Home Жаңалықтар ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ЖАС БОКСШЫЛАРЫМЫЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Daismedia.kz

Бокстан 10-24 мамыр аралығында Коломбода (Шри-Ланка) өтіп жатқан U22 Азия чемпионатында жастар санаты бойынша жарыс мәресіне жетті.

Жастар арасындағы (2007-2008 жылы дүниеге келген) 25 салмақ бойынша (13 ұл және 12 қыз) жеңімпаздардың есімі белгілі болды. Ұлдардың арасынан 11 боксшымыз финалда жұдырықтасып, 10 алтын медаль алды.

Оның ішінде Қазақстан Ұлттық құрамасы сапында ел намысын қорғаған Түркістан облысының былғары қолғап шеберлері де жеңістің шыңын бағындырды. Айта кетейік, 67 келіде қолғап түйістірген жерлесіміз Сұлтан Тұрдалы барлық қарсыласын тізе бүктіріп, алтын медальді мойынында жарқыратса, 54 келідегі талантты боксшы Алдияр Бахадурдың да мерейі үстем болып, жеңіс тұғырының ең биігіне көтерілді. Ал қыздар арасында 48 келіде өнер көрсеткен Айым Танкибаева өз мықтылығын көрсетіп, сары құрлық елдері арасындағы бокс бәсекесінде жеңімпаз атанып, алтын медальді мойынына ілді.

Ғаламат нәтиже көрсеткен спортшыларымыз «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірттері құттықтаймыз!

Шәкірттерінің жоғары жетістікке жетуі үшін жаттықтырушылары Олжас Оразалиев, Болат Қасқаев және Қанатбек Шағатаевтардың қажырлы еңбегі бар.

Азия чемпионатының жүлдегерлері:

🥇Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
🥇Досымжан Таңатар (51 келі)
🥇Алдияр Бахадүр (54 келі)
🥇Нығман Нығмет (57 келі)
🥇Әділет Тортубек (60 келі)
🥇Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
🥇Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
🥇Игорь Соловьёв (80 келі)
🥇Расул Асанханов (92 келі)
🥇Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)
🥈Жасұлан Бердалы (75 келі)
🥉Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі)

Айта кетейік, санаулы сәттер бұрын ғана қыздарымыз барлық 12 салмақта топ жарған болатын.

Алтын саны бойынша жалпы көрсеткіш:

🇰🇿Қазақстан – 22 алтын
🇹🇯Тәжікстан – 2 алтын
🇰🇬Қырғызстан – 1 алтын

Салыстырмалы түрде 2024 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында жастарымыз 11 алтын (қыздар – 6, ұлдар — 5 ) еншілеген еді.

Жарыс жеңімпаздары Халықаралық Бокс Федерациясы тарапынан (1-орын — 1000$, 2-орын — 500$, 3-орын — 250$) ақшалай сыйақымен марапатталды.

You may also like

Leave a Comment