Home Жаңалықтар ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖАС АТЛЕТТЕРІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

ОБЛЫСЫМЫЗДЫҢ ЖАС АТЛЕТТЕРІ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

Daismedia.kz

15–19 мамыр күндері Алматы қаласында 2008–2009 жылы туған жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Елішілік додада жерлестеріміз үздік нәтиже көрсетіп, бірқатар жүлделі орындарды иеленді. Олжа салған саңлақтап арасында найза лақтыру бойынша Ұлболсын Есіркеп алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды. Дәл осы спорт түрінен Шадияр Кулатай күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Сонымен қатар, 3000 метрлік спорттық жүрісте Ақберен Көзтаева қола жүлдеге ие болса, 2000 метрге кедергімен жүгіру сайысында Нұрсая Аширбай үшінші орыннан көрінді. Найза лақтыру бойынша тағы бір жерлесіміз Амангелді Темірлан да қола медаль еншіледі.

Айта кетейік, өңір мерейін асқақтатқан спортшылар Шардара ауданының тумалары. Облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.

Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

You may also like

Leave a Comment