42
Польшаның Познань қаласында 22–25 мамыр аралығында өткен параканоэдан әлем кубогында Түркістан облыстық су спорты түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы Бибарыс Спатай жоғары нәтиже көрсетті.
KL2 санатында 200 метр қашықтықта сынға түскен Бибарыс мәреге төртінші болып жетіп, спорттық мансабындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізді. Айта кетейік, жарыс аса тартысты өтті – алғашқы төрт финалист мәре сызығын небәрі бір секунд айырмашылықпен қиды.
Бұл жетістік – жас спортшының тынымсыз еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің айғағы. Жарысқа 25 елден 127 пара-спортшы қатысып, әлемдік деңгейде тәжірибе алмасу мен өз мүмкіндіктерін паш етуге мүмкіндік алды.