75
Түркістан облысының дзюдошылары Еуропа кубогінде топ жарды.
2025 жылғы 22-26 мамыр аралығында Литваның Каунас қаласында жастар арасында дзюдо күресінен Еуропа кубогі өтті. Аталған халықаралық додада Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.
66 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Абдрахман Қайырхан барлық қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал 60 келі салмақта белдескен Есенгелді Дармен қола медальді олжалады.
Осылайша, Түркістан облысының жас дзюдошылары халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, 1 алтын және 1 қола медальмен елге оралмақ.