Home Жаңалықтар ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНДА ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫНДА ӘЙЕЛДЕР КҮРЕСІНЕН ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Daismedia.kz

Астанада күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан кубогында әйелдер күресінен барлық 10 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Аталған дүбірлі додада Түркістан облысының спортшылары да табысты өнер көрсетіп, жүлдесіз қайтқан жоқ.

53 келі салмақ дәрежесінде бозкілемге шыққан Аяжан Марқашева мен 57 келідегі Шұғыла Өмірбек финалға дейін жетіп, күміс медаль еншіледі. Ал 72 келі салмақта күш сынаған Шәмшиябану Тастанбек қола медаль иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғады.

Бұрымдылардың бұл жетістігіне олардың жеке бапкері, тәжірибелі маман Нұржігіт Ерімбетовтің сіңірген еңбегі зор екенін айта кеткен жөн. Ол шәкірттерін жан-жақты даярлап, олардың жарысқа жоғары деңгейде қатысуына ықпал етті.

Сонымен қатар, жарыстың командалық есебі де белгілі болды. Бұл көрсеткіш бойынша үздік үштікке төмендегі құрамалар енді:

Командалық есеп қорытындысы:
1. Қарағанды облысы — 110 ұпай
2. Алматы қаласы — 105 ұпай
3. Ақмола облысы — 104 ұпай

You may also like

Leave a Comment