15
Марокко астанасы Рабатта каратеден жылдың соңғы премьер-лигасы өтіп жатыр. Аталмыш жарыс нәтижесі бойынша «Grand-winner» яғни жылдың ең үздік каратешілері анықталды. Бұл сыйлық жыл бойы жоғарғы нәтиже көрсеткен спортшыларға беріледі.
Еліміздің атынан қос бірдей каратеші Мөлдір Жаңбырбай (-50кг) мен Әсел Қанай (-61кг) «Жылдың ең үздік спортшысы» атағына лайықты деп танылды.
Айта кету керек, түркістандық Әсел Қанай Париж бен Ханчжоуда күміс медальға ие болған. Азия чемпионатында да алтынға бір табан қалған кезде сүрініп, екінші орынды місе тұтты.