Home Жаңалықтар ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУ ҚОЛҒА АЛЫНУДА

Daismedia.kz

Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров жұмыс сапарымен Түлкібас ауданына барды. Сапар барысында ол ауданда орналасқан балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектептерінің жұмыстарымен танысып, бірқатар спорт нысандарын аралап көрді.

Ғалымжан Худияров аталған аудандағы басқармаға қарасты балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшыларына нақты тапсырмалар бере отырып, жұмыстарды жүйелендіру қажетлігін айтты.

Жалпы Түлкібас ауданындағы 5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі өскелең ұрпақты кәсіби деңгейде спортқа баулиды. Алдағы уақытта аталған мекемелерде спортты одан әрі дамыту мақсатындағы жүйелі жобалар іске асырылып, материалдық-техникалық база нығайтылып, жас спортшылардың жетістіктеріне зор негіз қаланбақ.

You may also like

Leave a Comment