Ақтауда жағажай волейболынан өткен ел чемпионатында Түркістан облысының спортшылары топ жарды.
Ақтау қаласында 7-12 маусымы аралығында жағажай волейболынан 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 және 2013-2014 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған жарыста 2011-2012 жылғы жас ерекшелігіндегі бәсекеде Түркістан облысының намысын қорғаған Арыс қаласының жас спортшылары — Бексұлтан Базарбай мен Нұрсұлтан Әбілбек ерекше көзге түсіп, қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, алтын жүлдені жеңіп алды.
Жасөспірімдердің бұл жетістігінде олардың бапкерлері — тәжірибелі мамандар Ербол Спатай мен Файзулла Мамыховтың сіңірген еңбегі зор. Олар спортшыларды жарысқа жан-жақты әрі жүйелі дайындап, жеңіске жетелеуде кәсіби шеберлік танытты.