Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫНДА ЖҮЗУ СПОРТЫНАН ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР СПАРТАКИАДАСЫНДА ЖҮЗУ СПОРТЫНАН ІІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ

Daismedia.kz

Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында дәстүрлі республикалық спартакияда өтуде. Дүбірлі жарысқа еліміздің барлық аймағынан, облыстар мен республикалық қалалардан 20 команда қатысып, спорттың 9 түрінен өзара мықтыны анықтап жатыр.

Бүгінгі жүзу сайысы өз мәресіне жетіп, жарыс қорытындысымен Түркістан облысының құрамасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Команда құрамында Түлкібас ауданы әкімдігінің бас инспекторы-баспасөз хатшысы Бақытжан Иманбаев, Мемлекеттік кірістер департаментінің Б.Қонысбаев кеден бекетінің бас маманы Олжас Мансуров және Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Өндірістік емес төлемдер басқармасына қарасты арнаулы салық режимін әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Севара Хаймова өңіріміздің намысын абыроймен қорғап, күміс жүлдені иеленді.

Айта кетейік, жүзу спортынан жүлделі І орынды Ақмола облысы иеленсе, үздік үштікті жергілікті Шығыс Қазақстан облысының командасы түйіндеді.
Аталған спартакиада маусым айының 17 жұлдызына дейін жалғасады.

You may also like

Leave a Comment