Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Daismedia.kz

Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров Сайрам ауданына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында басқарма басшысы аудандағы спорт мекемелерінің жұмыстарымен танысып, материалдық-техникалық базасын көрді.

Сайрам ауданындағы облыстық №5 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, облыстық ұлттық спорт түрлері мектебі және 3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі аймақтағы жас жеткіншектерді шыңдап, әлемдік деңгейдегі чемпиондарды тәрбиелеп жатыр.

Талантты спортшылардың ұстаханасы атанған аймақта дене шынықтыру және спортты дамыту деңгейі де айтарлықтай жоғары. Жұмыс сапары кезінде басқарма басшысы аталған мекемелердің тыныс-тіршілігімен тереңірек танысып, материалдық базасы мен жаттығу алаңдарының жай-күйіне зер салды.

Сондай-ақ аудан орталығында «Ауылым — ел бесігі» жобасы аясында бой түзеген заманауи спорт кешені де жуық арада пайдалануға берілмек. Бұл нысан ауданның спорт инфрақұрылымын арттырып, жас жеткіншектердің салауатты өмір салтын таңдауына зор серпіліс береді.

Ғалымжан Худияров кездесулерінде аудандағы спорт мекемелері басшыларына жетістік жолындағы жұмыстарын жүйелі атқарылып, жас спортшылардың әлемдік ареналарда топ жара беруіне барынша атсалысу қажет деген тілегін жеткізді.

You may also like

Leave a Comment