16
Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен CAVA -Орталық Азия волейбол қауымдастығы чемпионатында Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдері күміс жүлдеге ие болды. Волейболшылар бұл жарыста нағыз шеберлік пен командалық рухты паш етіп, ел намысын абыроймен қорғады. Чемпионат барысында Кентау қаласының тумасы, Қазақстан құрамасының ойыншысы Бейбарыс Еркөкшеев ерекше көзге түсіп, жарыстың “Үздік ойыншысы” атанды.
Бейбарыс Еркөкшеев — 2010 жылғы 27 мамырда дүниеге келген. Қазіргі таңда Кентау қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы. Сонымен қатар, қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі.