Төлеби ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен болуымен мемлекеттік қызметшілер күніне орай дәстүрлі спартакиада ұйымдастырылды. Мемлекеттік қызмет өкілдері спорттың бірнеше түрінен бақ сынасып, белсенділік танытты.
Мемлекеттік қызметшілер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, ұжымдық бірлікті арттыру және қызметшілер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытындағы іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев сала мамандарын кәсіби мерекесімен құттықтады.
Мемлекеттік қызмет — елдің сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асқақтату. Еліміздің өркендеуі бағытында аянбай еңбек етіп жүрген барша мемлекеттік қызмет саласының мамандарына шынайы алғыс білдіреміз. Ауданның өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын, деді құттықтау сөзінде Бағдатбек Пердебайұлы.
Спартакиада жоғары деңгейде өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.