Бәйдібек ауданының әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен дербес бөлім, мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдерімен аппараттық мәжіліс өткізілді.
Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды.
Алды мен аудандық экономика және қаржы бөлімі 2025 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысы жөнінде баяндама жасады. Онда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, білім, денсаулық сақтау және басқа да салалар бойынша индикаторлық жоспарлардың орындалу деңгейі сараланып, алдағы кезеңде атқарылуы тиіс міндеттер айқындалды.
Екінші мәселе бойынша «Бәйдібек су» мекемесінің басшысы есеп берді. Ол ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту, су жүйелерін жаңғырту, апатты жағдайлардың алдын алу және абоненттерге көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар, алдағы уақытта қолға алынатын жобалар мен шешуді қажет ететін мәселелер де ортаға салынды.
Жиын соңында аудан Бақыт Қырғызалиев баяндамашылардың ұсыныстарын тыңдап, ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту, коммуналдық қызмет сапасын арттыру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе, тұрғындарды ауыз сумен үздіксіз қамту, көрсеткіштердің орындалуын уақытылы қамтамасыз ету және жауапты бөлімдердің бірлесіп жұмыс жүргізу қажеттігін ерекше атап өтті.
Аппараттық мәжіліс нәтижесінде берілген тапсырмалардың орындалуы аудан басшылығының тұрақты бақылауында болатындығы жеткізілді.
