Home Су шаруашылығы КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

КЕЛЕС АУДАНЫНДАҒЫ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Daismedia.kz

Келес ауданында тұрғындарды таза ауыз сумен қамтуға бағытталған құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев Ақтөбе ауылдық округіндегі Жуантөбе, Жаңадәуір және Ынтымақ елді мекендеріндегі нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бүгінде жалпы құны 10,4 млрд теңгені құрайтын 12 нысанның құрылысы қолға алынған. Жобалар Ақтөбе, Бірлік және Жүзімдік ауылдық округтерін қамтиды. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі аяқталу кезеңіне жетті.

— Халықтың тұрмыс сапасының басты көрсеткіші – таза ауыз суға қолжетімділік. Сондықтан әрбір ауылдағы құрылыс жұмыстарын қатаң бақылап, сапасына ерекше көңіл бөліп отырмыз, – деді Жәнібек Ағыбаев.

Жуантөбе ауылындағы су жүйелерінің 86 пайызы орындалып, екінші көтермелі насос станциясы мен жаңа резервуар салынуда. Жаңадәуір елді мекенінде де насос станциясы орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ал Ынтымақта 100 кубтық қосымша резервуар пайдалануға берілді.

Жалпы аудан көлемінде 278 шақырым құбыр тартылып, 2620 метр тереңдікте ұңғымалар қазылды. Құрылыс жұмыстарының орташа көрсеткіші 98 пайызға жеткен.

You may also like

Leave a Comment