Home Жаңалықтар КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӨТКЕН МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ӨТКЕН МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Daismedia.kz

Келес аудандық мәслихатының кезекті жиырма сегізінші сессиясы өтті. Жиынға аудандық мәслихаттың төрағасы Нұржан Шаулиев төрағалық етіп, аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев қатысты.

Сессия барысында аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі тыңдалды. Сонымен қатар экономика және қаржы, білім, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдерінің жылдық жұмыстары сараланды.

— Біздің басты міндетіміз – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсарту, әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын арттыру. Ол үшін барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімдері халықпен етене жұмыс істеп, нақты нәтижеге бағытталуы тиіс, – деді аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев өз сөзінде.

Сессияда қыс маусымына дайындық барысы, Ақтөбе, Бірлік және Бірлесу ауылдық округтері әкімдерінің есептері қаралды. Сонымен бірге, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның, сондай-ақ Жер комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.

Күн тәртібіндегі тағы бір маңызды мәселе – бірқатар елді мекендердің жер-шаруашылық орналастыру жобаларын бекіту болды. Жиын соңында депутаттар қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдап, алдағы міндеттерді айқындады.

You may also like

Leave a Comment