Home Агроөнеркәсіп ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САУРАН АУДАНЫНДА МАҚТА ЖИНАУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Daismedia.kz

Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров мақта терімі жүріп жатқан алқаптарды аралап, шаруалардың жұмысымен танысты. Ағымдағы жылы аудан көлемінде 11 975,6 гектар жерге мақта дақылы орналастырылған. Оның басым бөлігі Ескі Иқан ауылдық округінде егілсе, қалған аумақ Жүйнек, Қарашық, Шаға, Жібек Жолы, Шорнақ, Жаңа Иқан, Иассы, Оранғай және Үшқайық ауылдық округтерінде орналасқан. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 1 054 гектарға артық.

Шаруашылықтарда өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі кеңінен енгізілуде. Бұл тәсіл суды үнемдеуге, жер құнарлылығын сақтауға және мақтаның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр.

2024 жылы аудан бойынша орташа түсім 31,2 центнерді құрап, 34 174 тонна мақта жиналған болатын. Биыл бұл көрсеткішті жақсартып, жалпы 38 320 тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда шаруалар 4 434 гектардан өнім жинап үлгерді. Орташа түсім 27 центнерді құрап, барлығы 11 963 тонна мақта қамбаға құйылды. Мақта қабылдау жұмыстарын «Goldеn Cotton» ЖШС, «Қазақстан мақта» ЖШС, «Нұр Агро-73» ЖШС , «Картекс» АШӨК және «Казтекс» ЖШС жүзеге асырады.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров шаруалармен пікірлесіп, агроөнеркәсіп саласында мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауларға тоқталып, еңбеккерлердің қажырлы еңбегіне табыс тіледі. Сондай-ақ өнімділікті арттыру және жиналған мақтаны дер кезінде өткізу бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар берді.

You may also like

Leave a Comment