Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағының офлайн кезеңі басталды. Бұған дейін, тамыз айында санақтың онлайн кезеңі өткізілген болатын.
Аталған санақ БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жүзеге асыратын 10-шы Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағы бағдарламасының аясында өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – еліміздің аграрлық секторына қатысты нақты әрі өзекті деректерді жинау.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес және Қабланбек ауылдық округтеріне арнайы барып, аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Ауылдық округ әкімдеріне жұмыстың қарқынын арттыруды тапсырды.
Айта кетсек, ауыл шаруашылығы санағы екі кезеңде жүргізіледі. Екінші кезең – 2024 жылғы 20 қыркүйектен 20 қазанға дейінгі аралықта офлайн сауалнама түрінде өтеді. Бұл кезеңде арнайы дайындалған интервьюерлер шаруашылықтарды аралап, деректер жинайды.
