Home Агроөнеркәсіп ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 106 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА 106 МЫҢ ТОННАДАН АСТАМ МАҚТА ЖИНАЛДЫ

Daismedia.kz

Негізгі табысы агросектормен тікелей байланысты Жетісай ауданында бүгінде мақта теру науқаны қарқынды жүргізілуде. Ерте көктемнен егістік алқабында еңбек етіп, ақ алтынды мәпелеп өсірген аудан шаруалары үшін жиын-терім науқанының әрбір күні мен сағатын тиімді пайдалану аса маңызды.

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов жұмыс жоспарына сәйкес мақталық алқаптарды аралап, ала жаздай таңның атысынан кештің батысына дейін алқаптарда тынымсыз еңбек етіп, еңбексүйгіштіктің озық үлгісін көрсетіп келе жатқан шаруалармен тілдесіп, жиын-терім науқанының барысын көрді.

Биылғы жылы ауданның 79,3 мың гектар суармалы жерінің 43,1 мың гектарына жергілікті және түрік, Қытай елдерінен әкелінген тұқымдық шит егіліп, қазірдің өзінде 41,9 мың гектар алқаптан 106 525 тонна ақ алтын жиналған. Науқанға 715 дана тракторлар мен 897 дана трактор тіркемелерін, 61 дана ОВХ мен 239 дана мақта терім машиналары жұмылдырылған.

You may also like

Leave a Comment