Home Агроөнеркәсіп ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІН ЖИНАУ НАУҚАНЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Daismedia.kz

Сарыағаш ауданында күзгі ауыл шаруашылық науқаны қызу жүріп жатыр. Егіс алқаптарында көкөніс, бақша және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қарқыны жоғары. Осыған орай,бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне барып, өнім жинау барысымен танысты.

Арман Абдуллаев «Сүндет ата» шаруа қожалығының төрағасымен кездесіп, еңбек жағдайын, өнім көлемін, жинау жұмыстарының барысы мен туындаған мәселелерді талқылады. Жергілікті шаруаларға қолдау көрсетілетінін және агроөнеркәсіп саласының аудан экономикасындағы маңызы зор екенін атап өтті. Сонымен қатар, өнім сапасына оң баға беріп, ауыл еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегіне алғысын білдірді.

Қабланбек ауылдық округіне қарасты Сіргелі елді мекенінде орналасқан «Сүндет ата» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Миралиевтің айтуынша, жалпы жер көлемі 2,5 гектарды құрайды. Қазіргі таңда, алқапта екінші өнім ретінде болгар бұрышы өсіріліп, жинау жұмыстары жүргізілуде.

You may also like

Leave a Comment