26
				
					                
				            
        Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ташқұлақ елді мекенінде орналасқан «Сарыағаш Тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміндегі су тазалау кешеніне арнайы барып, нысанда жүргізілген ағымдағы жөндеу жұмыстарының мән-жайын пысықтады.
Аудан басшысы кешеннің техникалық жағдайын, жабдықтардың жұмыс істеу тиімділігін және жөндеу жұмыстарының сапасын қадағалап, мердігер мекеме өкілдеріне нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – маңызды әлеуметтік міндет екенін атап өтті.
Аталған нысанда сүзгілеу жүйелерін құбырлар мен сорғы қондырғыларына ағымдағы жөндеу, сондай-ақ кешеннің жалпы құрылымын жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
