40
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан аумағындағы егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Су арналарының тазалығы мен жұмыс сапасын бақылаған аудан басшысы су шаруашылығы мекемесіне нақты тапсырмалар жүктеді.
Тегісшіл ауылдық округі аумағындағы егістік алқаптарды толыққанды ағын сумен қамту мақсатында Сарыүйсін каналына механикалық тазалау жұмыстары атқарылуда.
2025 жылдың соңына дейін Сарыағаш ауданындағы 11 ауылдық округте жалпы ұзындығы 185 шақырым болатын су арналары механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда, 120,9 шақырымы тазартылып, 65 шақырым 2025 жылдың аяғына дейін толық аяқталады. Аталған жұмыстарға арнайы 3 техника жұмылдырылған.
