Түркістан облысы, Түлкібас ауданында RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» заманауи сусын өндіру зауыты іске қосылды. Жобаға шамамен 9 млрд теңге инвестиция салынды. Кәсіпорын жылына 120 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы.
Зауыт:
• 100 жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр;
• 170 метр тереңдіктен алынған суды көпсатылы жүйемен тазарту арқылы халықаралық стандарттарға сай өнім өндіреді;
• неміс және италиялық технологияларға негізделген желілермен жабдықталған;
• өнімдері Қазақстанмен қатар Орталық Азия нарығына экспортталмақ.
Инфрақұрылымдық қолдау аясында:
• 6 140 метрлік электр желісі мен қосалқы станция (705 млн тг),
• газ құбыры (25 млн тг),
• кәріз жүйесі мен тазарту қондырғылары (240 млн тг) салынды.
«Бұл жоба – ауданымыздың инвестициялық тартымдылығының нақты дәлелі. Ең бастысы – жаңа жұмыс орындарының ашылуы мен ауыл экономикасына серпін беру. Палата тарапынан инвесторларға барлық қажетті кеңес пен сүйемелдеу көрсетілді. Алдағы уақытта да кәсіпкерлікті дамыту бағытында осындай табысты жобаларға қолдау көрсетуге дайынбыз»,- деді Түлкібас аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Асылболатов.
