Home Жаңалықтар ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ ӨРЛЕУДІҢ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Daismedia.kz

Бүгін Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Жоғарғы Ақсу ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, Мәдени елді мекеніндегі ауылдық клубта тұрғындармен кездесті.

Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Мақсат – тұрғындардың пікірін тыңдап, өзекті мәселелерге назар аудару және ортақ шешімдер қабылдау.

Ашық диалог форматында өткен жиында аудан әкімі округтің 2025 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары мен негізгі жоспарларын таныстырды. Сондай-ақ округте атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңдегі міндеттерге тоқталды.

– Әрбір ұсыныс пен пікір біз үшін маңызды. Тұрғындардың көтерген мәселелері келесі жылдың аудандық бюджеті мен даму жоспарларын әзірлеу кезінде ескерілетін болады. Бұл – жергілікті басқарудың басты қағидаты, – деді Еркеғали Амантайұлы.

Кездесуде тұрғындар жаңа жол тазалау техникасын бөлу, балабақшаны кеңейту, спорт кешенінің құрылысын жүргізу, түнгі жарық шамдарын орнату, жол жөндеу, ауыз су мен ағын су мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар айтты. Сондай-ақ күл-қоқысты уақытылы шығару жұмысына қатысты өтініштер де білдірілді.

Аудан әкімі әрбір сұраққа нақты жауап беріп, тиісті сала басшыларына тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар округ халқына «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қолдап, ауыл тазалығын сақтауға шақырды.

Ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарына негізделген мұндай кездесулер – жергілікті халықпен тікелей байланыс орнатудың және ел ішіндегі өзекті мәселелерді дер кезінде шешудің тиімді тетігі. Осы мақсатта аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы аудан аумағындағы 1 қала мен 12 ауылдық округте тұрғындармен кездесулер өткізуде.

You may also like

Leave a Comment