Home Жаңалықтар ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚОЛДАУЫ-ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

ІРІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚОЛДАУЫ-ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Daismedia.kz

Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Шымкентцемент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында аудан әкімі зауыт басшылығына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында түзілген үш жақты меморандум бойынша көрсетілетін қызметтердің орындалуын еске салып, ауылға спорт кешенін салу және ұңғыма бұрғылау жұмыстарын аяқтауды тапсырды Еркеғали Амантайұлы кәсіпорынды ауданға салық төлеуші ретінде тіркелуге шақырып, бұл қадамның жергілікті инфрақұрылымды жақсартуға, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Сонымен қатар, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, өзара ынтымақтастықты нығайту жолдары сөз болды.

Ауданның дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда ірі өндіріс орындарының үлесі зор. Біз бірлесе еңбек етсек, ортақ мақсаттарға жетеміз», – деді Еркеғали Амантайұлы.

Өз кезегінде зауыт басшылығы аудан басшысының ұсынысын қолдап, әріптестік бағыттағы жұмысты күшейтуге дайын екендерін білдірді. Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты дамытуға және ортақ жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

You may also like

Leave a Comment