Home Жаңалықтар ҮШ ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ-АУДАН БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

ҮШ ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНЫ-АУДАН БАСШЫЛЫҒЫНЫҢ НАЗАРЫНДА

Daismedia.kz

Бүгін «Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында Сарыағаш қаласы аумағында бой көтеріп жатқан үш қабатты тұрғын үйлердің құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын саралау мақсатында аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс сапарымен құрылыс алаңында болды.

Алдымен аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан инвесторлармен кездесіп, жобаның жүзеге асу барысы мен жоспарлы мерзімдері жөнінде кеңес өткізді. Жиыннан кейін аудан басшысы құрылыс алаңына барып, нысандардың жай-күйімен танысты.

Құрылыс нысанында болған Арман Абдуллаев мердігер мекеме өкілдеріне тұрғын үйлер аудан халқына арналатынын ескере отырып, сапа мен қауіпсіздікке ерекше мән беруді тапсырды.

Қазіргі таңда, үш қабатты тұрғын үйлерде ішкі әрлеу жұмыстары мен инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

You may also like

Leave a Comment