Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНДА БЮДЖЕТТІК КІРІСТЕР, КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БӘЙДІБЕК АУДАНДА БЮДЖЕТТІК КІРІСТЕР, КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗУ ЖӘНЕ ХАТТАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Daismedia.kz

Бүгін, аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиевтің төрағалығымен кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті.

Жиынға ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары және жауапты мамандар қатысты. Күн тәртібінде үш маңызды мәселе қаралды.

Бәйдібек аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан – бюджеттік кірістердің 9 айдағы орындалуы және жыл қорытындысымен күтілімі бойынша, күзгі көшет отырғызу орындарының дайындық барысы туралы және облыс және аудан әкімі тарапынан берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды.

Жиын соңында аудан әкімінің міндетін атқарушысы Бақыт Қырғызалиев күн тәртібіндегі мәселелердің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

You may also like

Leave a Comment