Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 180 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 180 НЫСАННЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Daismedia.kz

Түркістан облысында биыл құрылыс және инфрақұрылым саласында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында 180 нысанның құрылысы қолға алынған. Оның ішінде 52-сі – жаңа нысан болса, 128-і – өткен жылдардан өтпелі жобалар.

Құрылыс жұмыстарының бағыттары:

Білім беру саласы:
Облыста білім саласына ерекше мән беріліп отыр. Биыл жалпы 33 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде 17-сі – жалпы білім беру мекемелері болса, 16 нысан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтеруде. Бұл жобалар облыстағы үш ауысымды және апатты мектептердің жойылуына мүмкіндік береді.

Әлеуметтік және мәдени сала: 2 әкімшілік ғимарат, 4 денсаулық сақтау нысаны, 19 мәдениет нысаны, 26 спорт нысаны, 1 әлеуметтік нысан.

Мұның барлығы – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Инженерлік инфрақұрылым:
Облыс аумағында жалпы саны 54 нысанның құрылысы инженерлік инфрақұрылымды жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында да 4 инфрақұрылымдық нысан салынуда. Жыл соңына дейін 29 нысанды пайдалануға беру жоспарланса, қазіргі таңда оның 11-і аяқталып, пайдалануға берілді.

Тұрғын үй құрылысы

Түркістан облысында тұрғын үймен қамтамасыз ету – басым бағыттардың бірі.

Кредиттік тұрғын үйлер:
132,5 мың шаршы метрді құрайтын, 2138 пәтерден тұратын 30 үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Арендалық тұрғын үйлер:
Жыл соңына дейін 176 пәтерлі 4 үй пайдалануға беріледі. Оның ішінде 3 үй Төлеби ауданында, 1 үй Жетісайда орналасқан.

Сатып алынатын тұрғын үйлер:
578 арендалық пәтердің 180-і сатып алынды, қалған 398-і жыл соңына дейін сатып алынады.

Кредиттік пәтерлер:
2015 пәтерді сатып алу көзделсе, қазіргі таңда 1720 пәтерге келісімшарт жасалып, оның ішінде 108 пәтер Кентау мен Сайрамда сатып алынған.

Нысандардың аяқталу мерзімі

Жыл соңына дейін 104 нысанды пайдалануға беру көзделген. Қазіргі таңда 68 нысанның құрылысы толық аяқталған. Қалған 36 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Ал 76 нысанның құрылысы келесі 2026 жылы тәмамдалмақ.

Түркістан облысында 2025 жылы құрылыс, тұрғын үй және инфрақұрылым салаларында жүйелі және кешенді жұмыс жүргізілуде. Әлеуметтік нысандардан бастап, инженерлік инфрақұрылымға дейінгі ауқымды жобалар өңірдің өмір сапасын жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Бұл бастамалар әкімдік тарапынан нақты бақылауда және уақытылы аяқталуы үшін тиісті шаралар қабылдануда.

You may also like

Leave a Comment