Home Жаңалықтар БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ

БИЫЛ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА ТАРТЫЛҒАН ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР КӨЛЕМІ 543,5 МЛН. АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысының инвестициялық әлеуетін арттыру, жаңа өндіріс орындарын ашу мен экономикалық өсімді нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыста 2025-2028 жылдар аралығында 111 инвестжобалар пулы қалыптасып, бұл бағытта тұрақты жұмыстар жалғасуда.

Жоба толық іске асқан жағдайда 23 915 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Биыл 58 инвестициялық жоба қолға алынып, нәтижесінде 8 250 тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Қазіргі уақытта 34 инвестжоба іске қосылып, 4889 адам жұмыспен қамтылды. Бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар мен анықталған мәселелер бүгін облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті апталық мәжілісінде кеңінен талқыланды.

You may also like

Leave a Comment