Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН: 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ТАРТЫЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ СЕРПІН: 1,4 ТРЛН ТЕҢГЕ ТАРТЫЛДЫ

Daismedia.kz

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. 11 ай нәтижесімен негізгі капиталға 1,4 трлн теңге инвестиция бағытталып, өсім 123%-ды құрады Жылдық жоспар мерзімінен бұрын орындалды.

Биыл өңірде 58 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Осы арқылы 8190 жұмыс орнын ашу көзделген. 11 айда 44 жоба іске қосылып, 6 637 жұмыс орны ашылды.

Сауда көлемі 787,9 млрд теңгені немесе өсім қарқыны 145,9%-ды құрап, жоспарға қол жеткізілді. Өсім негізінен бөлшек сауда саласынан қамтамасыз етіліп, жалпы үлесі 54%-ды құрады (426,3 млрд.тг).

Көлік және қоймалау қызметінің жалпы көлемі 491,6 млрд теңгеге жетіп, 125,7%-ға артты (жоспар – 110,1%). Жыл қорытындысымен, тасымалданған жолаушылар саны және жүк көлемінің ұлғаюы есебінен өсім деңгейін 126%-ға жеткізу жоспарлануда. Байланыс қызметінің көлемі 10,9 млрд теңгені құрап, өсім 110,9%-ға жетті (жоспар – 109,6 %). Жыл қорытындысы бойынша жалпы өсім деңгейін 111,5%-ға жеткізу жоспарланып отыр.

You may also like

Leave a Comment