Home Жаңалықтар ПРЕМЬЕР-МИНИСТР СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖОБАЛАРЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

ПРЕМЬЕР-МИНИСТР СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖОБАЛАРЫН БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Daismedia.kz

Үкімет отырысының қорытындысында Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің алдына әкімдіктермен бірге жалпы сипаттағы трансферттердің бөлінген сомалары мен Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сумен жабдықтау және су бұру жобаларының жүзеге асырылуына жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз ету міндеті қойылды. Өтінімдер саны мен өңделетін ақпарат көлемінің өсуін ескере отырып, Ұлттық жобаның бірыңғай электрондық платформасының жұмысында техникалық істен шығу жағдайларына жол берілмегені маңызды.

Су ресурстары министрлігіне келесідей тапсырмалар берілді:
жыл соңына дейін 142 ауылдық елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейін жақсартуға мүмкіндік беретін 12 жобаны жүзеге асыру шараларын қабылдау;
осы жылдың 30 шілдесіне дейін Түркістан облысындағы Шардара топтық су құбырын пайдалануға беру;
осы жылдың 15 қарашасына дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы Преснов және Соколов топтық су құбырларын жаңғырту жұмыстарын аяқтау.

Өз кезегінде Қаржы министрлігіне республикалық бюджет шеңберінде көзделген сумен жабдықтау жобаларын уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету туралы тапсырма берілді, сондай-ақ, кәріз-тазарту құрылыстарын жаңғырту үшін несие тарту мәселесінде әкімдіктерге әдіснамалық көмек көрсетілуге тиіс.

You may also like

Leave a Comment