Home Жаңалықтар ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТАЛ ЕГУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Daismedia.kz

Шымкентте «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында жас экологтар тал екті. Акцияның “Жасыл аймақ” акциясы барысында барлық қала тұрғындары ағаш көшеттерін отырғызу және ақтау жұмыстарын жүргізді.

Іс шараға мектеп оқушылары да атсалысты. Белсенділер мектеп аулаларын абаттандырып, гүлдер отырғызды. Жалпы саны 30-ға жуық декоративті шырша ағашы мен 200 түп гүл отырғызылды.

Ал спортшылар Әл-Фараби көшесіне 100 түп көшет ағашын екті. Саябақтарды көгалдандырып, тазалық шараларын жүргізді. Шараға елге танымал спортшылар да өз үлесін қосты.

Бұдан бөлек, мәдениет мамандары да экологиялық акция аясында қала көшелерін санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Белсенділер республикалық деңгейде өтіп жатқан акцияға барлық қала тұрғындарын қатысуға шақырады. Өйткені, таза қала сіз бен бізден басталады.

You may also like

Leave a Comment