47
1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Айтулы мерекеге орай елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Арыс қаласындағы соғыс ардагерлері құрметіне орнатылған «Жеңіс» саябағы аумағында ауқымды сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қала әкімі мен қалалық мәслихат төрағасы, Ардагерлер кеңесінің мүшелері және түрлі этнос өкілдері қатысты.
Игі шараға «Туған қала тазалығы — біздің борышымыз» деген ұстанымды ұстанған татар, өзбек, орыс, әзірбайжан этно-мәдени орталық жетекшілері де атсалысты.
Сенбілік шара барысында Жеңіс саябағы аумағындағы арамшөптер қырқылды. Монумент пен стеллалар жуылып, саябақтың шарбақтары сырланды.