Home Жаңалықтар ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

ТҮРКІСТАНДА ЖЕРГІЛІКТІ ТҮРЛІ ЭТНОС ӨКІЛДЕРІ БАС ҚОСТЫ

Daismedia.kz

Алқалы жиынға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және этномәдени орталық басшылары қатысты.

Игі шарада алғы сөз сөйлеген қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қозыханұлы барлық этнос өкілдерінің біртұтастық пен келісімде бір ортаны мекен етуі ел іргесінің беріктігіне ықпал ететінін жеткізді.

Сондай-ақ, қалалық өзбек этномәдени орталығының төрағасы Райымжан Қошқаров этномәдени орталықтардың қоғамдағы бірлік пен тұтастықты ұстаудағы маңыздылығына тоқталды.

-Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Бірлік адамдар арасындағы ынтымақтың, жарасымды татулықтың көрінісі, ел болудың бірден-бір алғышарты. Сол үшін қазақ халқы бірліктің күнделікті тіршіліктегі орны мен маңызын «бірлік болмай тірлік болмас», «бірлік түбі — береке» деп түйген, деді өз құттықтауында қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов.

Жиын соңында этномәдени орталықтардағы атқарылған жұмыстар айтылды. Сонымен қатар, қала дамуына үлес қосқан этномәдени орталық мүшелеріне шаһар басшысының алғыс хаты табысталды.

You may also like

Leave a Comment